Елімізде 350 мыңға жуық адам құмар ойынның құрбанына айналған
Иә, бұл мерзімде адамдар бір мамандықты игеріп, қолына диплом алады. Алайда, бір кәсіпті емес, құмар ойынды меңгеріп алғанына өкінеді.
Астана тұрғыны:
- Ортам бұзды деп айта алам енді, басында жеңіл ақша болғаннан кейін қызықтық. Нақты тігетін 6 бала бармыз. Ватсаптан чат ашқанбыз. Енді қазір опық жеп отырмыз. Бар тапқанымыздың барлығын осында саламыз, қалтамызға түскен степендия барлығын. Соңғы аптада 90 мың құрттым. Қарызға ақша сұрап алып, еселеп көтеріп алам деген мақсатта саласың ғой, ұтам деп ойлап. Бірақ ұта алмай, одан сайын қарызға кіріп жатырмын.
Осы секілді ойынқұмарлықтың қызығынан шыға алмай отбасын ойран етіп, қылмысқа барып, тіпті өз-өзіне қол салғандар да бар. Өкініштісі, мұндай қайғылы жағдайлар елде жиілеп кетті.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Лудоманияның алдын алу, яғни ойынға тәуелділік аясында 110 заңсыз ойын мекемесін жойды. Жалпы тәркіленген ойын автоматтары және басқа да заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға қолданылатын құрылғылар сот шешімімен жойылуға жатады.
Елімізде казино қызметімен айналысуға рұқсат етілген 6 лицензиялы құмар ойын орталықтары бар. Оның 5-і Алматы облысы, Қапшағай су қоймасының жағалауында орналасса, біреуі Ақмола облысының Бурабай ауданында жұмысын жүргізіп отыр.
Ғалымжан Мұстафаев, ҚР МСМ ойын бизнесін үйлестіру және лотерея қызметі басқармасының басшысы:
- Қолданыстағы ойын бизнесі туралы заңнамаларында букмекер кеңселер мен ойын орындары жарнамаларына шектеулер көзделмеген. Дегенмен ҚР заңына сәйкес, ҚР аумағында электрондық казино мен интернет казиноға тыйым салынған. 2022 жылдың өзінде 5 мыңға жуық заңсыз сайттарға бұғаттау жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі таңда құмар ойындарға деген құштарлық лудомания, яғни психологиялық ауру ретінде қарастырылып жүр. Бұл кеселден емделуге бола ма?
Ержан Мырзабаев, психолог:
- Одан арылудың жолы деңгейіне қарай өзгереді. Ауыр болған жағдайда ондай кісілерді арнайы орталықтарға жатқызады. 2-3 ай ешқандай ойын ойнамайтындай мүмкіндік қалыптастырады. Жеңіл деңгейі қояды, қоймасам да болады дегендермен психолог мамандар жұмыс істейді. Көп жағдайларда бұндай ауруға шалдыққан адамдар өз-өзін емдемейді. Көбіне әйелі, әке-шешесі жақын туысқандары, бауырлары қамданады. Өз еркімен бармайды.
Технология дамыған сайын құмар ойындар да түрленіп, зияны ұлғайып барады. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандардың, заң жүзінде мүлкi тәркiленiп, 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады.
Авторлары: Нұрбол Серікбай, Дархан Күнтуов