Мал дәрігерлері қағазбастылықтан босатылады
Енді олар компьютер алдынан тұрып, планшетке ауысады. Өйткені «Ветмобайл» жобасы іске қосылды. Ветеринарлар бұл арқылы мал басын тіркейді, ақпарат тексереді, сондай-ақ жүргізілген емдеу, екпе іс-шараларын енгізе алады. Яғни әр малдың құжаты онлайн сақталады. Ең негізгісі бұл қосымша интернетсіз де жұмыс істейді. Демек шалғай участкелерде де пайдалану мүмкіндігі бар. Қазір жоба өңірлерде пилоттық режимде жүріп жатыр.
Бағлан Бекбауов, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
-Әр мал қандай өңірде тулыды, ол өңірде қандай ем қабылдап жатыр, әрі қарай қандай ет комбинатына, экспортқа немесе өңірден өңірге кетуі мүмкін. Сондықтан соның барлығын біз қауіпсіздік тәртібінде бақылауды қолға алатын мүмкіншілік болды.