Елімізде онкологиялық аурулар азаймай тұр
Жыл сайын 37 мыңнан астам адамнан обыр анықталады. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі осындай сандарды келтірді. Ал қазір 205 мың пациент аталған дертпен күресіп жүр. Ең өкініштісі, Қазақстанда жылда 13 мың адам аты жаман аурудан көз жұмады. Министрдің мәліметіне сүйенсек, аурушаңдық деңгейі бойынша I орында 13,2% көрсеткішпен сүт безі обыры, II орында өкпе обыры (10%), ал, III орында колоректалдық обыр (9,3%) тұр.