Елордада көпқабатты үй тұрғындарына арналған мобильді қосымша іске қосылды
Енді мүлікті меншіктеушілер ұйымына ешқайда бармай-ақ телефон арқылы қол жеткізуге болады. Ол арқылы мүлікті меншіктеуші ұйымды тіркеу, оған дауыс беру сияқты коммуналдық мәселелерді онлайн шешуге болады. Жоба авторларының айтуынша, бұл тұрғындарға тез арада ортақ келісімге келуге мүмкіндік береді. Бүгінде қосымшаға 4 мың үй қосылып үлгерген. Жыл соңына дейін еліміз бойынша цифрлық жобаға 20 мың үй қосылуы тиіс.
Олжас Ақбаев, жоба жетекшісі:
- Біз тұрғындар арасында тиімді жүйе құрғымыз келді. Бұл қосымшада ешкім заңсыз жолмен жүре алмайды. Себебі бағдарлама мемлекеттік деректер базасымен біріктірілген.