Хабар телеарнасы

Каирде Сұлтан Бейбарыс мешіті ашылды

Мысыр халқы Қазақстанды Алғыс айту мерекесімен құттықтады. Бұл ең әуелі риясыз игі істер жасайтын мереке,-деп санайды ресми Каир. Жергілікті жұрт пен Қазақстан елшілігі Мысырдағы «7 қыз» кешенінің аумағындағы тарихи орындарды тазарту бойынша қайырымдылық шарасын өткізді. Ал сәуір айының соңында Каирдегі Бейбарыс Сұлтан мешітінің ашылу салтанаты өтеді. Мысыр мен Сирияның 13 ғасырдағы көрнекті билеушісі, қазақ тарихындағы ұлы тұлға Бейбарыс Сұлтанның тарихи мұрасы екі ел үшін де құнды.