Алматыда жолдарды жамау жұмыстары әдеттегіден ерте басталды
Себебі күн жылып, жер кеуіп қалды. Жұмысқа кедергі жоқ. Қазір қала көшелеріндегі ірілі-ұсақты шұңқырларды бір уақытта 6 бригада жамап жатыр. Мегаполисте барлығы 180 мың шаршы метрден астам жол бөлігі жөнделеді. Ақаулар анықталған барлық көшелер мүмкіндігінше ретке келтіріледі. Жоспарға сәйкес бұл жұмыстар сәуір айында аяқталуы тиіс. Ал мамыр айында ұзындығы 200 шақырым болатын 220 көшеде орташа жөндеу жұмыстары басталады. Сондай-ақ 5 шағын ауданда: Әлмерек, Қайрат, Алғабас, Ақжар және Шұғылада 30 шақырым жаңа жол салынады. Олар 2023-2024 жылдары пайдалануға беріледі.
Нұрзат Ордабаев, қалалық мобильділік басқармасының бөлім басшысы:
- Зауытты мерзімінен бұрын іске қостық, қазір ол асфальт-бетон қоспасын шығаруда. Негізгі көшелерде жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Мұны қала тұрғындары да байқайды деп ойлаймын. Барлық авариялық жағдайлар, ақаулар анықталған. Әлеуметтік желіде жарияланған, сараптама актілері бойынша өзіміз анықталған шұңқырларды қазір жөдеп жатырмыз.