Ұлытауда облыстық маңызға ие жолдарды жаңғыртуға 4 млрд 600 млн теңге бөлініп отыр
Оның тең жартысы ұлттық қор қаржысы. Қазір мемлекеттік сатып алу байқаулары өтіп жатыр. Күн жылына 4 бағыт бойынша тозығы жеткен жолдарды жөндеу жұмыстары басталады. Өңірдегі жалпы автокөлік жолдарының үштен бірі облыстық маңызға ие. Биыл жаңадан салынатын жолдың жалпы ұзындығы 60 шақырым. Сонымен қатар ұлттық қордан бөлінген 2 млрд теңгеге екі жоба жүзеге асырылады.
Ерлан Түсіпов, облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
- «Сәтбаев-Малшыбай-Жошы хан-Домбауыл» жолының құрылысына 1 млрд берді республикалық бюджеттен. «Қаражал-Атасу» жолының 28 шақырымын қайта жаңғыртуға республикалық қазынадан тағы 1 млрд теңге бөлінді.