Қызылордада көз ауруын емдейтін мамандар тапшы
Әрі облыстық ауруханадағы офтальмология бөлімшесінде заманауи қондырғылар жетіспейді. Салдарынан өңірде көзілдірік киген балалар саны көбейіп барады. Алдыңғы жылы 4,5 мың бала диспансерлік есепте тұрса, биыл олардың қатарына 2 мыңдай жасөспірім қосылған. Дәрігерлер күніне 15 адамды қабылдаймыз деп отыр. Астигматизм, қылилық және көз қарашығының аномалиясы ауруларынан емделушілер саны күрт артқан.
Гүлзия Сәрсенбаева, Жаңақорған ауданының тұрғыны:
- Ауруханада жетіспейтіні баланың көзін емдейтін аппараттары, дәрі-дәрмектері арасында болмай қалады. Дәріні өзіміз алып, емделіп жатамыз.
Еркебұлан Нұрболат, офтальмолог:
- Пандемия уақытында бүкіл оқу орындары онлайн режимге өткесін балалар гаджет пен телефонды көп пайдаланады. Соның бәрі баланың көру қабілетіне әсер етіп жатыр. Содан кейін балалар жастарына жетпей көзілдірік тағып жатқан жағдайы бар. Диагнозын қойғаннан кейін емі алу үшін мегаполис қалалар Астана, Алматыға жіберіп жатырмыз.