Астанада нәзік жандыларға құрмет пен қошемет көрсетілді
Әйел – ана, ол ару, ізгіліктің бастауы. Әдемілік бізге көптік етпейді. Ал қоғамдағы сан түрлі мамандықты игеріп, маңайына шуақ шашып жүрген қыз-келіншектер қаншама. Астанада осындай жандарға құрмет пен қошемет көрсетілді. Олардың қатарында композитор да, қаламгер де, коллекционер де тіпті прокурор бар. Алайда қандай қызмет пен биікте жүрсе де, ұлт бесігін өзгеден жоғары қоя білген мейірімді жүрек иелері. Олардың бәрі Абай айтқан есті сөзге ден қойды.
Ләйлә Баймағамбетова, зейнеткер:
- Біз Абай атамыздың тұңғыш баласынан, Ақылбайдан тараймыз. Өте дана аналар болды. Ділдә да, Айгерім де, Еркежан да. Олар Абайға үлкен ілтипат көрсетті. Біздің дана аналардан жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім.