Хабар телеарнасы

«Қазгидромет» наурыз айына су тасқыны бойынша болжамын жариялады

Дерекке сүйенсек, 10 аймақта өзен сулары тасуы мүмкін. Қазақстанның қарлы аумағы 72% құрайды. Жауын-шашынның мөлшері, топырақтың қату тереңдігі мен өзендердің мұз режимдеріне жүргізілген талдау бойынша қауіп жоғары деген аймақтарды анықтаған. Олар: Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы және Жетісу облыстары.
Тәуекелі жоғары аймақтар: Қарағанды облысы, Ақмола облысы, СҚО, Қостанай облысы, Ақтөбе облысы, БҚО, ШҚО, Абай облысы, Алматы облысы, Жетісу облысы