Хабар телеарнасы

Еліміздегі 25 қаланың тұрмыс сапасының рейтингі жарияланды

Сараптаманы экономика және бизнес, адам ресурстары, инфрақұрылым бойынша экономикалық зерттеулер институты жасаған. Мәселен, 3 жыл қатарынан елордамыз көш бастап тұр. Максималды 10 ұпайдың 5,89-ы Астанаға тиесілі. Тізімді Атырау, Алматы, Ақтау, Түркістан, Степногор, Қостанай жалғауда. Ал ең төменгі көрсеткіштер Жезқазған, Сатбаев, Семей қаласында байқалады. Елордаға және Республика бойынша маңызы бар қалаларға инженерлік инфрақұрылымды жүйелі жаңартуға, экономикасын әртараптандыруға баса назар аудару ұсынылмақ.