Атырау облысында су басуы мүмкін ауылдарға әуеден бақылау жүргізілді
Күннің күрт жылынуына байланысты аудандағы Ойыл, Сағыз және Ноғайты өзендері жылдағыдан ерте тасып, жағадағы ауылдарға қауіп төндіре бастаған. Сондықтан Сағыз ауылының ортасымен өтетін Ноғайты өзенінің жағалауына 7 мың қапшық құм, 800 тонна топырақ төселді. Ал Миялы және Жангелдин ауылдарының көшелерінен 36 мың текше метр еріген қар суы сорылды.
Жантөре Демешов, облыстық ТЖД бөлімінің бастығы:
-Судың көп мөлшерде келуі байқалуда. Алайда судың Қызылқоға ауданы аумағынан өтуі бірқалыпты. Себебі өзендер өзінің арнасымен өтіп жатыр. Сағыз Ноғайты өзендерінің де жоғарғы бастаулары да қаралды. Ол жерлерде де Ақтөбе облысының аумағында су көп екені байқалды. Алайда қазіргі уақытта Қызылқоға ауданында Сағыз ауылыынң тұстарында Ноғайты өзені өз арнасымен өтіп жатыр.