Еліміздің барлық мектебінде бір уақытта қазақ күйлері орындалады
«Наурыз мейрамы» қарсаңында ұйымдастырылған челленжде Солтүстік жастары ерекше белсенділік танытты. Қара домбырасын серік еткен өрендер, күй атасы Құрманғазы, Тәттімбет, Динаның күйлерін шертіп, жұртшылыққа өнерлерін паш етті. Ал Көкшетауда рухани шараға тек мектеп оқушылары ғана емес, балабақша балғындары да қатысты. Басты мақсат – жас ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді оятып, ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Жалғас Серік, оқушы:
- «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші қазақтың ұл қыздары домбырады ойнап жатыр. Бұл өте жақсы. Осындай көптеген челлендждер көп өтсе екен деп армандаймын, тілеймін.
Ардақ Ахметжанова, мектеп директоры:
- Биылғы жылы жаңадан 20 домбыра сатып алдық. Келесі жылы да сондай меже көзделуде. Жылдан жылға үйірмеге қатысатын балалар көбейіп келеді. Сондықтан оның кең таралуына қызығушылық бар.