Хабар телеарнасы

Павлодар облысында сынап қалдықтары көмілген аумақта кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр

Қауіпті металл өзен-көлдерге, топыраққа және ауаға таралып кетпеуі үшін жасалып отыр. Былтыр Былқылдақ көлінің маңында жерасты «қабырғасының» құрылысы басталған. Ұзындығы 2,5 шақырымды құрайтын нысан қауіпті металлдың жылжып кетуіне жол бермейді. Оның құрылысына 750 млн теңге бөлінген. Еске салсақ, Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аумағына химиялық апаттан соң 1 мың тоннадан астам сынап көмілген еді.

Дияр Қайыркенов, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурастары басқармасы басшысының орынбасары: 
- Мамандар жыл сайын ауа, су және топырақтан 300-ге жуық сынама алып, зерттейді. Ал өткен жылы Ертіс өзеннің түбіндегі шөгінділерден де сынама алынды. Зерттеулер нәтижесінде су құрамынан сынап табылған жоқ. Себебі кешенді жұмыс үздіксіз жүргізіледі.