Шымкенттік оқушылар неден уланды?
Шымкентте оқушылардың жаппай улануына қатысты жүргізілген зерханалық талдау сынамаларының алғашқы қорытындысы жарияланды. Санитар эпидемиологтардың айтуынша, оқушылар тамақтанған ыдыс-аяқтан ішек таяқшасы бактериялары табылған. Еске сала кетейік, республикалық олимпиадаға барып, сырқаттанған 15 оқушы да №5 жатақханаға орналасып, асханасынан тамақтанған. Дене қызулары көтеріліп, өздерін әлсіз сезінген балалар ауруханаға жеткізілгенінен кейін, ас үйдің жұмысы тоқтатылды. Қазір барлық науқастың денсаулығы жақсы. Ауруханадан шығарылып, үйлеріне қайтарылды. Алайда тексеру амалдары жалғасады.
Алдарқұл Ахметов, қалалық СЭБД басшысының орынбасары:
-Зертханалық зерттеу нәтижесін толық бізге беру керек. Тағы да сол бойынша зерделеп, қорытынды шығарылады. Аудандық полиция басқармасына осы жағдайдың қылмыстық әсері бар ма жоқ па біз басқармаға жаздық.