Шетелдік автокөліктерді заңдастыру мүмкіндігін 69 мың азамат қолданып үлгерді
Бұл туралы әкімшілік полиция комитеті хабарлады. Қазақстандық тіркеуге аланған темір тұлпарлардың 67% астамы Ресейден әкелінген. 19% Армениялық көліктер. Тізімде Қырғыстаннан әкелінгендері де бар. Оның үлесі 10% жоғары. Ең азы Грузиядан алынған.
Осы көліктер тақырыбына тікелей қатысты тағы бір ақпаратқа тоқтала кетсек. Елімізде бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» сайтына жарияланды. Энергетика министрлігінің осы құжатына қарағанда баға айтарлықтай қымбаттауы мүмкін. Онда АИ-80 бензині – тоннасына 93 мың 161 теңге, АИ-92 және АИ-93 бензині – тоннасына 193 мың 649 теңге деп көресетілген. Ал дизель отыны– тоннасына 236 мың 156 теңге. Бұл жазғы және маусымаралық түрі деп белгіленген. Жоба 30 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.