Брендан Дюпрей көшет отырғызудың тың әдісін ұсынды
Алматыдағы университеттердің бірінің оқытушысы Брендан Дюпрей жасыл желектерді заманауи технологиялардың көмегімен отырғызуды ұсынды. Егер ағаштар мен бұталарды жіктеп, жүйелі түрде отырғызса кәсіпорындар мен көліктердің қалдықтарын көбірек сіңіруге болады. Көшеттерді қай жерге егу керектігі компьютерлік 3D кескіндеу арқылы анықталады. Компъютер ауаның ластану деңгейі, кәсіпорын немесе жолмен арақашықтық секілді факторларды ескере отырып қандай ағаш егу керектігін де айтады. Нәтижесінде, өндірістік шаң көлемі 40 пайызға дейін азаяды. Брендан Дюпрей бұл технологияны өзі жұмыс істейтін университетте қолданып, кампустардың біріне 30 мың ағаш отырғызыпты. Қазір Алматыдағы заводтың бірімен осы әдісті қолдану бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Қазақстандық жоғары оқу орнының ғылыми жобасына Біріккен Ұлттар Ұйымы да оң бағасын беріп отыр.
Брендан Дюпрей, жоба авторы:
- Біздің ғылыми жаңалығымыз табиғат ресурстарын тиімді пайдалану арқылы адамзаттың әсерінен бұзылған экожүйені қалыпқа келтіру. Бұл нағыз инновациялық шешім. Басқаша айтқанда, жасыл технологияны қолдану адам өміріне пайдалы.