Оралда ұзақ уақыт студенттерді алдаған алаяқ ұсталды
Банктың жұмыс істемейтін азаматқа несие беруі екіталай. Осыны пайдаланған 31 жастағы ер адам делдалдық қызметін ұсынып, шағын қаржы ұйымдарынан студенттерге қарыз рәсімдеумен айналысқан. Ол үшін жастар бейтаныс азаматқа жеке мәліметтерін береді. Алаяқ студенттердің атына несие рәсімдеп, қаражаттың бәрін өзі иемденген. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 6 жәбірленушіден арыз түсіпті. Оларға келтірілген шығын көлемі 700 мың теңге шамасында. Сан соғып қалғандардың қатары бұдан да көп болуы мүмкін.
Лунара Аманғалиева, БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы:
- ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Жыл басынан бері БҚО аумағында 232 алаяқтық фактісі тіркелді. Оның 110-ы интернет алаяқтыққа қатысты.