Жамбыл облысында синтетикалық есірткі сатушылар ұсталды
5 адамнан тұратын қылмыстық топ лабораториялық цехта «мефедрон» жасаған. Тергеу нәтижесінде 34 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы соңғы 3 жылда өңірде есірткіге қатысты 1,5 мыңға жуық қылмыстық іс тіркелген. 60-тан астам нашақор қылмыс жасаса, есірткіні шамадан тыс пайдаланған 28 адам қайтыс болды. Өңірде нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу үшін 3 жылдық кешенді жоспар жасалған еді. Сол жоба аясында атқарылған жұмыстар пысықталып, көкнәрді медициналық мақсатта пайдалану жайы талқыланды.
Сержан Әбдіқұлов, облыс прокурорының аға көмекшісі:
- Психотропты дәрі-дәрмектерді аптекаларда сату қатты қадағаланатын болады. Мәжбүрлеп емдеу орындарында емделуге түсетін тұрғалардың бәрін жақсылап емдеу, оларға медициналық көмек көрсету жұмыстары нақты жүргізілетін болады.