Жасыл климаттық қорды қаржыландыру үшін «Readiness–II» ұлттық жобасы іске қосылды
Бұл туралы Астанада халықаралық ғалымдар мен экологиялық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен жиында айтылды. Себебі Халықаралық валюта қоры, климаттың өзгеру қаупімен күресу үшін дамушы елдерге 100 млрд доллар қаражат бөлген. Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі 1 млн доллар. Ал еліміздегі түрлі ұйымдар көмірқышқыл газын төмендету, энергияны үнемдеу, жасыл технологиялық бағыттар бойынша жобаларын ұсына алады.
Айгүл Құсалиева, АХҚО тұрақты даму департаментінің директоры:
- Мемлекетіміз 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптылық қажеттілігі бойынша мақсаты қойылған. Елімізде қабылданған стратегияға сәйкес, осы мақсатты жүзеге асыру үшін 600 млрд-тан астам қаржы керек. Осы жобаларды жүзеге асырылуы нәтижесінде бейтараптылыққа қол жеткізуге болады.