Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімемелері
«Болашақ» корпоративтік қоры Астана қаласында 2 сәуір - Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпаратты тарату күніне арналған «Аutism Talks: ерекше балалы ата-аналардың шабыттандырар әңгімелері» кездесу өткізеді.
TED TALK форматында аутизмі бар балалардың ата-аналары өз тәжірибелерімен бөліседі, аутизмі бар және дамуында басқа да ерекшеліктері бар балаларды тәрбиелеу бойынша кеңестері мен ұсыныстарымен бөліседі, балалары оларға қандай табыстар мен жетістіктерге жетуге шабыт бергендерін айтып береді. Сонымен қатар сиблингтер – ерекше балалардың бауырлары сөз сөйлеп, ерекше туыстарымен қарым-қатынас құру тәжірибесімен, аутизм және дамуында басқа да ерекшеліктері бар баламен бір отбасында тәрбие алу ерекшеліктерімен бөліседі. Сондай-ақ іс-шараға психотерапевтер, психиатрлар, мінез-құлық талдаушылары және басқа да мамандар қатысады. Іс-шара ерекше балаларды тәрбилеп отырған отбасы мүшелері үшін де, ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар үшін де пайдалы болады.
Іс-шарада сөз сөйлейтіндер: «Autism. Қол жетімді орта» қайырымдылық қорының және «Қамқор Әке» аутизм бар балалардың әкелер қоғамдастығының басшылары, Ақтөбелік ерлі-зайыпты Руслан мен Сара Қазыбаевтар, «Ерекше бақыт» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы, заң ғылымдарының магистрі Светлана Ордабай, балалар психиатры Татьяна Дегтярь, мінез-құлық талдаушысы, «Болашақ» қорының кураторы Айнур Нурова, сондай-ақ «Болашақ» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан және т. б.
Мекенжай: Астана қ., Сауран к. 44, «Конгресс-центрдің» «ASPAN» залы,
Күні мен уақыты: 2023 ж. 2 сәуір, сағ. 14:00
Тіркелу үшін сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfyEQr9fdaROnFXUzB6PQZYvfRpAF2RobTkydujI9t7c95PHw/viewform