Ақтөбеде Қарғалы өзені бойындағы саяжайларды су басты
100-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы саяжай ұжымындағы 24 үйдің ауласына су кірген. Құтқарушылармен қатар әскери бөлім сарбаздары баспаналардың айналасына құм толтырылған қап тасып, бөгет жасауға кірісті. 80-ге жуық маман мен 5 арнаулы техника жұмылдырылған.
Шынаргүл Ақбалиева, қала тұрғыны:
-Бестер шамасында ағыс көтерілді де, жан жақтың барлығын су алып кетті. Қазір міне нақты 24 үй суда тұр. Екіге бөлді. Оның 10 отбасын осы олимпийский резервта, қалған отбасыларды 7-мектепке алып кетті. Сол жаққа көшіріліп жатыр қазір.
Мұрат Жөребеков, қала әкімі:
-Алдымыздағы осы күндеріміз жылы болады. Су тағы да келуі мүмкін. Оны да қазір бақылауда ұстап тұрмыз. Су келген жағдайда басқа садоводческий коллективтерге. Жедел шараларды қабылданатын боламыз.