«Е-қызмет» жетілдіріледі
Келесі жылдан бастап үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтің «Б» корпусына жұмысқа орналасу мүмкін болады. Яғни «Е-қызмет» порталы арқылы онлайн тест тапсырып, мемлекеттік қызметші атануға болады. Сенат депутаттары салалық агенттікте жүзеге асырып жатқан жобалармен танысты. Айта кетейік, қазіргі уақытта «Б» корпусына жұмысқа конкурстық комиссиялар арқылы орналасу мүмкін. Алайда олардың шешімдеріне шағым көбейген. Сондықтан агенттік жасанды интелекттің көмегіне жүгініп отыр. Бүгінде сынақ ретінде «Е-қызмет» бойынша 5 мемлекеттік органға жұмысқа қабылдау жүріп жатыр.
Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
-Онлайн өткен кезде ол бірінші кезде тест тапсырады практоринг бағдарламасымен қарап отырып. Одан кейін құзыреттілігі мен қабілеттіліне байланысты тестер тапсырады. Сосын біз тағы тест кіргізіп отырмыз, ол әр мемлекеттік қызметке келемін деген адамның рухани құндылықтарын. Соған байланысты да осы мәселелердің барлығын қарап пысықтап жатырмыз