Ақылы көлік тұрақтары азаяды
Астаналық кәсіпкерлер ақылы автотұрақ салдарынан шығынға батқан. Келушілерге тегін болуы үшін, барлық қаржыны өздері төлеп келген. Кәсіпкерлер отырысында олардың уәжі тыңдалды. Тіпті 1 мың 600-ге жуық ақылы көлік тұрағы қысқарды. Енді елордамызда 6 мың 900 көлік тұрағы бар. Оның 80% жуығы әлі де ақылы. Ал жеке тұрақтары бар кәсіпкерлердің қалтасы қалыңдауда. Ал әкімдік өкілдері мемлекетке түсетін пайда көлемін ұлғайтпақ.
Жансұлтан Сапарбаев, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы:
-Жеке тұрақ аумағы бар кәсіпкерлер, ақылы көлік тұрақтан түсетін 95% өздері алады. Оның 5% жергілікті бюджетке беріледі. Енді 5 емес, 25% үлесті мемлекет аласа деп ұсыныс тастап жатырмыз. Ал айыппұлдың 100% мемлекетке беріледі. 2018 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейінгі айыппұлдан 20,5 миллиард теңге пайда түскен. Алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі қайта қаралып, өзгерістер енгізіледі.