Қазақстанда 12 сәуірден бастап жанар-жағармай қымбаттайды
АИ 92 маркалы бензин 205, ал дизель отыны 295 теңге болады. Бұл еліміздің барлық өңірлері үшін ортақ баға. Айта кетейік, көршілес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінде мұнай өнімдері анағұрлым қымбат. Сондықтан көлеңкелі экспорт белең алып барады. Салдарынан отандық нарықта тапшылық туындап отыр. Орталық коммуникациялар қызметінде сөз алған Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақовтың айтуынша Үкімет мұндай қадамға жанар-жағармайға тапшылықты болдырмау мақсатында барып отыр. Алайда ауыл шаруашылығы мамандары үшін көктемгі дала жұмыстары аяқталғанша дизель бағасы тұрақты болып қалады.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрінің міндетін атқарушы:
- Біздер биыл 413 мың тонна бөлдік. 184-185 теңге бір литрімен, сол біткенше сол бағамен сатамыз. Оларға шқандай өзгеріс болмайды.