Оңтүстікте улы жәндіктерден зиян шегетіндер көбейді
Шымкентте үш айдың ішінде 12 адамды сарышаян шақты. Улы жәндіктен зардап шеккендердің біреуі ауруханаға түссе, қалғанына алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Ал Қызылорда облысында жыл басынан бері 46 адамды кене шақты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4 есе көп. «Зиянкестер биыл ерте оянды», — дейді мамандар. Кенеден келетін кеселге көбіне мал ұстап, егін егетіндер шалдығады. Қансорғыш «Конго-Қырым қызбасы, кене энцефалиті» ауруларын таратады.