Хабар телеарнасы

6 мыңнан астам көкшетаулық қоқыс шығарушы компанияға артық ақша төлеп келген

Соңғы 4 айда 6 мыңнан астам көкшетаулық қоқыс шығарушы компанияға артық ақша төлеп келген. Яғни атқарушы кәсіпорынның көпқабатты және жер үйлерге заңсыз екі тариф қолданғаны белгілі болды. Салдарынан жеке сектор тұрғындарының 51 теңгеге артық төлегені анықталды. Қазіргі таңда аталмыш іс құзырлы орган өкілдерінің бақылауында. Зардап шеккен азаматтардың құқығы қорғалып, тариф бағасы қайта қалпына келтірілді. 

Самат Батталов, қалалық Прокуратураның бөлім бастығы:
-Қоқыс шығарушы компания тариф бағасын дұрыс қоймаған. Яғни көпқабатты тұрғын үй тұрғындары 377 теңге төлесе, ал жеке сектордың халық 428 теңге төлеп келген. Бүгінде жауапты компанияны жан-жақты тексеріп, тариф бағасын орнаттық. Ал қаржы көлеміндегі айырмашылық толығымен қайтарылды.