Семейлік дәрігерлер сүт безінің қатерлі ісігіне операция жасайды
Президент іс басқармасының ядролық медицина орталығының мамандары жергілікті онкологтарға шеберлік сағатын өткізді. Олар екі күнде алты науқасқа операция жүргізуді жоспарлап отыр. Елордадан арнайы келген ақ халаттылардың айтуынша, пациентке ең әуелі радиоизотопты картирлеу процедурасы қолданылады. Операция эмиссиялық компьютерлік томография көмегімен жасалады.
Назар Сейдалин, ҚР ПІБ медицина орталығының бас онкологы:
- Бұған дейін осы әдіспен талай науқасқа операция жасадық. Жыл басталғалы бері 40-тан астам адамға жәрдем көрсеттік. Барлығы сәтті өтті. Бізді қуантатыны, операциядан кейін асқыну болмайды.