Қостанайда жүргізуші куәлігін заңсыз сатқандар ұсталды
Олардың бірі көлік жүргізушілері емтихан тапсыратын серіктестікте жұмыс істесе, енді бірі халыққа қызмет көрсету орталығының маманы. Ұйымдасқан топ куәлік саудасын жолға қойған. Ақшасын төлегендер тест тапсырып әуреленбейді. Олардың орнына басқа біреулер кіреді. Осындай қитұрқы әдіспен өткен жылы мыңнан аса адам жүргізуші куәлігін алған. Қазір оқымай, сатып алғандарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің үй-жайларын, жұмыс орындарын тінту барысында банк карталары, миллион тенгеден астам ақша, компьютерлік техника мен құжаттар тәркіленді.
Ербол Қайырбеков, облыстық ПД криминалдық Полиция басқармасының басшысы:
-Жол апаттарының көбейгеніне байланысты осы істерді қарап, осы күдікті адамдарға шықтық. Орташа қылмыстардың түріне жатады. Сондықтан олардың бір жылдан екі жылға дейін бас бастандығынан босауы мүмкін. Бүгінде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сол нәтижесін көрсетеді.