Атырауда бозбаланы аяусыз соққыға жыққан студенттер жазасын алады
Әлеуметтік желіге тарап кеткен мына бейнежазба көпшіліктің жағасын ұстатты. Оқиға аграрлы-техникалық колледж ауласының сыртында сабақтан соң болған. Колледж директорының айтуынша, бірінші курстың екі студенті арасында өзара келіспеушілік болған. Мұғалімдер дереу полицияға хабарлап, ата-аналарын шақыртқан.
Қаршыға Дүйсенғалиев, қалалық полиция бөлімінің бастығы:
- ҚК 293 бабы ІІ бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта студенттер анықталып, ішке жеткізіліп, ата-аналармен жұмыс жүргізілді. Бұл бағытта жәбірленушінің сараптамасы аяқталғаннан кейін ары қарай айтылатын болады.