Елордадағы ауа райының күрт өзгерісін «бесқонақ» деп тұспалдап жатыр
Шын мәнінде солай ма? Біз этнограф ғалымдар пікірін сұрадық. Бұл бесқонақ емес, бабам қазақ айтқан 24 амалдың ішіндегі «От амалы». Белгілі жазушы-этнограф Болат Бопайұлы күннің күрт суытуын осылай деп түсіндірді. Айтуынша, көктемде үлкен 4 амал бар. Соның салдарынан табиғи апаттар жиі болып жатады. Сондай-ақ этнограф биылғы жазға қатысты болжам айтты.
Болат Бопайұлы, жазушы-этнограф:
-Биылғы жаз жалпы алғанда жаңбырлы болады. Бірақ маусым айларында, тамыз айларында күзге дейін қатты ыстық болады. Арасында амалдар кірген кезде жаңбырлы, салқынды болып тұрады. Ал енді биылғы осы кіріп жатқан көктем ғой, көктемнің аяғы сәл созылып, салқын маусымға дейін сақталады.