Хабар телеарнасы

Ақтөбе облысында 17 ауыл электр жарығынсыз отыр

Кешелі бері 40 елді мекеннің 23-інде жөндеу жұмыстары аяқталған. Өңірде демалыс күндері болған алай-дүлей жел мен жауын-шашын салдарынан 7 ауданның желілерінде апат болып, мыңдаған абонент жарықсыз қалды. 30-дан астам ауыл маңындағы бағаналар құлап, сымдары үзілген. Қазір 17 бригада Мәртөк, Хромтау, Шалқар, Әйтекеби және Ырғыз аудандарында желілерді жөндеп жатыр.