«Денсаулық» ҰҚ өкілдері: Студенттер дұрыс тамақтанбайды
Фастфуд пен тәтті сусындарды көп тұтынады. Жас кезде ағза сыр бермеуі мүмкін. Бірақ орта жасқа жеткенде түрлі ауруларға шалдыға бастайды. Алматыда арнайы зерттеу қорытындысын жариялаған «Денсаулық» ұлттық қауымдастығының өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Бірлестік өкілдері еліміздегі 18 жоғарғы оқу орнының арасында сауалнама жүргізген. Оған 1300-ден аса студент қатысқан. Олардың жартысына жуығы қазірдің өзінде денсаулығына қатысты шағым білдірген. Сондықтан зиянды өнімдерді жарнамалауға тыйым салуды және оны шектеуді ұсынды. Оның орнына спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту қажет. Оған қоса денсаулыққа пайдалы азық-түлік, зиян өнімдерге қарағанда әлдеқайда арзанырақ болуы керек деп санайды.
Гинтаутас-Юозас Кентра, «Денсаулық» ұлттық қауымдастығы төрағаcының орынбасары:
-Дұрыс тамақтану туралы қанша айтып жатсақ та ол қазірге аздық етіп тұр. Мәселен, осыдан төрт жыл бұрынғы деректерге қарасақ, фастфудты тұтыну 8-ден 19% өскен. Тәтті тіскебасар, газдалған сусындар мен энергетиктерді тұтыну 5-тен 10% көбейе түскен.