Энергетика министрлігі МАГАТЭ техникалық ынтымақтастық жөніндегі бағдарламаға қол қойды
МАГАТЭ Маңғыстау облысындағы БН-350 реакторлық қондырғысын пайдаланудан шығаруға көмектеспек. Халықаралық сарапшылар отандық мамандарға атом электр стансасы құрылысының мәселелері бойынша да кеңес береді. Бұл туралы елімізге жұмыс сапарымен келген Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси айтты. Ол Өскемендегі аз байытылған уран банкінің жұмысымен танысып, отандық ғалымдардың кәсібилігіне жоғары баға берді.
Рафаэль Гросси, атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры:
-Аз байытылған уран банкінің жұмысы МАГАТЭ үшін ғана емес, халықаралық қауымдастық үшін де маңызды. Бүгінде атом энергетикасына Азия, Солтүстік Америка, тіпті Африка мемлекеттері қызығушылық танытып отыр. Климаттың өзгеруіне байланысты бұл салаға сұраныс жоғары.