Маңғыстауда жұмыс орындарын ашуға 1,4 млрд теңге бөлінген
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, биыл аймақта 39 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Алайда Мемлекет басшысы Батыс өңіріндегі жастардың көбінің мұнайшы болуға ұмтылуы дұрыс емес дегенді алға тартты. Өйткені қара алтын да бір күні сарқылады емес пе?! Президент: аймақтағы ахуал тіпті күрделі болып кетпеуі үшін жастардың басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасауымыз керек" деп, жергілікті әкімдік пен Үкіметке тиісті тапсырмалар жүктеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Мысалы, бүгінгі заманның өзекті саласы – ақпараттық технологиялар. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады. Жалпы, біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Бұл әкімнің, Үкіметтің құзырында тұрақты түрде болу керек.
Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:
-32,5 мыңы тұрақты жұмыс орны болмақ. Есептік кезңге 9 мың жұмыс орны құрылды. Оның 44 пайызы тұрақты жұмыс орны. Ол үшін облыс бюджетінен 1,4 млрд теңге бөлінген.
Жаңаөзеннің болашағы үшін енді мұнайшыларды емес, бақташылар, фермерлер мен құрылысшыларды дайындаған дұрыс. Өңірде мал шаруашылығын жандандыруға қолайлылық басым. Құрылыс саласында жұмысшы кадрларға деген сұраныс та төмендемейді. Сондықтан Президент тапсырмасын орындауда жауаптылардың осыны ескергені құба-құп,-дейді сарапшы Сапарбай Жобаев.
Сапарбай Жобаев, экономист:
-Мал шаруашылығы өскеннен кейін оны өңдеу, ет-сүт мәселе сол жерде шағын бизнес өседі. Инвестициялық шағын және орта бизнесті дамытып, 100-110 мың адамды қалдырса... Мәселен, құрылысшыларды дайындасақ. Мүмкін олар Астанаға Алматыға басқа өңірлерге барып жұмыс істейді.