Хабар телеарнасы

БҚО мен Ресейдің Самара облысы шекарасындағы «Сырым» өткізу бекетінде ұзын-сонар кезек пайда болды

Батыс Қазақстан облысы мен Ресейдің Самара облысы шекарасындағы «Сырым» өткізу бекетінде ұзын-сонар кезек пайда болды. Оған басты себеп көрші елдегі «Маштаково» өткізу пунктінде жөндеу-жаңғырту жұмыстарының жүргізілуі. Басталған құрылыс қыркүйек айына дейін жалғаспақ. Ресейдің 5 өңірімен шектесетін Батыс Қазақстан облысында 6 өткізу бекеті бар. Тәулігіне 6 мыңға жуық көлік шекара асады. Соның жартысына жуығы осы «Сырым» бекеті арқылы өтеді. «Кептеліске тап болмас үшін алдын-ала шекарадағы жағдайды біліп, бос бекеттерге ат басын бұрған дұрыс», - дейді мамандар. 

Талғат Шаймарданов, ҚР ҰҚК шекара қызметінің БҚО департаменті бастығының орынбасары:
-Былтыр көргенбіз қалай болатынын. Олар жеткізіп отырған мәліметтер жүк көліктері және тұлғалар өту саны екі есе азаяды. Бүгінгі таңда кеше сағат 11-ден бастап қазіргі таңда кептеліс жүк көліктерінің саны 100-150 автокөлігі тұр, Қазақстанға шығуға и Маштаковоның аржағында 80-100 машина тұр.