Хабар телеарнасы

Жидекті тегін теруге кім құқылы?

Осы күнге дейін Қазақстаннан заңсыз шығарылған 670 млрд теңге елге қайтарылды. Бұл туралы Мәжілісте журналистердің сұрақтарына жауап берген Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. Сондай-ақ ол жабайы жеміс-жидек пен саңырауқұлақ терушілерден алынатын алымға қатысты түсініктеме берді. Айта кетейік, салық заңнамасына енгізілген өзгерістеріне сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жабайы өсімдік пен дәрілік шөп жинайтындардан салық өндіріп алу көзделіп отыр.

Ерұлан Жамаубаев, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі:
-Алымның бұл түрі бұрын да болған. Ол ерекше қорғалған аймақтарда, қорықтарда қолданылып келді. Енді жаңа заң бойынша барлық жерде бірдей жүзеге асырылады. Алайда қарапайым халыққа алаңдауға еш негіз жоқ. Олар бұл салық түрін төлемейді. Тек кәсіпкерлік бағытта жабайы өсімдік саудамен айналысатын, дәрілік шөп жинайтын бизнес субъектілері ғана алым төлеуге міндетті болады.