ТЖД: Жарылыс әлі зерттеліп жатыр
Жаңаөзендегі жарылыстың себебі әлі анықталған жоқ. Қазір онда бірнеше кезеңнен тұратын сараптама жүргізіліп жатыр. «Ал әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды әрі нақты дәлел бола алмайды», — дейді Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті. Құзырлы орган таратқан мәліметке сүйенсек, жағдайды жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін жарылыс-техникалық сараптамасы жасалып жатыр. Ал оның қорытындысы әлі шыққан жоқ. Сондықтан жалған мәлімет тарату, қылмыстық әрекет екенін ескертеді. Айта кетейін, кеше әлеуметтік желілерде үйінді астынан мамандардың жарылған құбыр тапқаны туралы бейнежазба тараған болатын.