Қарағандыда аналар әскери өмірмен танысты
Аналардың әскердегі бір күні. Қарағандыдағы әскери бөлімдерді «Ана жүрегі» қоғамдық бірлестік өкілдері аралап, азаматтық борышын өтеп жүрген ұлдардың тұрмыс-тіршілігі, жалпы ортаға бейімделу барысымен танысты. Сондай-ақ аналар ас мәзіріне, күнделікті атқарылатын жұмыстарға баға берді. Осылайша әскердегі қордаланған мәселелерді бірлесіп шешу жоспарланған.
Динара Ерікова, Астана қаласының тұрғыны:
-Ұлым әскерге кеткен кезде қатты қорқып, жылаған едім. Себебі хал-жағдайына алаңдағам. Мына жерді көзбен көріп, ұлымның азаматтық борышын өтеп жүргеніне қуанып қалдым. Әскерге барамын деген шешімі өте орынды болған екен.
Марат Шахашов, 31775 әскери бөлімінің командирі:
-Мұндай кездесулер нәтижесінде қоғамның армияға деген сенімін арттыру, әскери қызметкерлердің жауынгерлік рухын қолдауға мүмкіндік болмақ. Ескертулер мен кемшіліктер болған жоқ. Сарбаздардың ата-аналары келіп, риза болып тарқасты.