Хабар телеарнасы

Астанада ҚХА-ның ХХХІІ сессиясы басталды

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы басталды. Оған еліміздің барлық аймағынан этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен ассамблея мүшелері, сондай-ақ Парламент депутаттары, атқарушы органдар мен діни бірлестіктердің басшылары және түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды. «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» айдарымен өтіп жатқан жиын екі күнге созылады. Оның барысында бірнеше өзекті тақырыпта талқылаулар өтеді. Айта кетейік, қазір елімізде Ассамблеяның қарамағында 400-ден астам этномәдени орталық бар. Ал олардың құрамында мыңдаған адам бар.

Аида Балаева, ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары: 

- Ассамблеяның ауқымды желісі қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз етіп, Президент реформаларының жүзеге асырылуына сеп болуға әлеуетті. Себебі этномәдени бірлестіктер жергілікті әлеуметтік жағдайды жақсы біледі. Қандай мәселелердің бар екені де оларға әбден белгілі. Бірақ солардың бәрін дер кезінде хабарлап, оң шешілуіне ықпал жасау қажет. Себебі бірлік болмай, тірлік болмайды.


Юсуп Келигов, «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығының төрағасы: 

- Біз өскелең ұрпаққа татулық пен бейбітшілікте өмір сүру қаншалықты маңызды екенін ұғындыруымыз керек. Себебі онсыз болашағымыз бұлыңғыр болмақ. Иә, басқа да экономикалық мәселелер баршылық. Бірақ ең басты байлық - бірлік. Біз осындай тұрақты елде тұрып жатқанымызды мақтан тұтамыз.