Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы ұсталды
Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы 80 млн теңге парамен ұсталды. Сондай-ақ оның қарамағындағы есепшілерден жымқыру дерегін жарияламау үшін ауызбастырық ретінде 200 млн теңге талап еткені анықталды. Арнайы операция барысында пара беруші де қолға түсіп, оған қатысты да қылмыстық іс қозғалды. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін білім бөлімінің бас есепшісі 1 млрд теңгеге жуық қаражатпен қашып бара жатқан жерінен ұсталған еді. Ол өзімен бірге 21 үй, 14 пәтер, 7 коммерциялық нысанның құжатын алып кетпек болған. Олардың мемлекетке келтірген шығыны 2 млрд теңге деп бағаланып отыр.
Мақсат Жебегенов, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы:
-Қазір тергеу жалғасуда. Бұл ақшаның қайдан пайда болғаны анықтаудамыз. Біздің ойымызша жымқырылған ақшаның 280 млн теңгесі Талдықорғанның білім беру бөлімінің басшысына берілген пара.