Маңғыстау облысында теңізге кемеден 300 литрге жуық дизель отыны төгілді
Оқыс оқиға Түпқараған ауданына қарасты Аташ және Баутино ауылы іргесіндегі жағажайда болған. Су бетіне жайылған майлы дақты көрген тұрғындар уәкілетті органға шағым түсіреді. Экологтар оқиға орнына барып, судан сынама алды. Зертханалық талдаудан соң, қарақошқыл түсті сұйықтықтың жанар-жағармай екені анықталды. Әлгі су көлігі тиесілі серіктестікке қолданыстағы заңнама аясында тексеру жүргізіліп жатыр.
Ержан Жұмашев, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:
-Мұнай қалдықтары деп айта алмаймыз. Зертханалық анализдің қорытындысы бойынша кәсіпкерлік кодекске сәйкес тексеру жұмыстары жүргізілуде. Теңіз суын ластау экологиялық кемшілікке жатады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.