Хабар телеарнасы

1 мамыр – Қазақстан xалқының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан xалқының бірлігі күні

Мәңгілік елдің қуаты және кез келген қиындықты жеңетін күш – бірлік! Қазақтың байтақ даласы көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ Отанына айналған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, бірлік пен келісім – халқымыздың қиын-қыстау жылдарда да сақтай білген құндылықтары. Бірлігі күшті ел озады! Киелі қара шаңырақта өмір сүріп жатқан барша жұрт тату-тәтті, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүрсін деп тілейік! Мереке құтты болсын!