Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр
23 қаңтардан басталған бір реттік науқан аясында бүгінге дейін 200 мың азаматтың өтініші мақұлданыпты. Яғни олардың көлік құралдары барлық тексеруден өтіп тіркеуге жарамды деп танылған. Ал қазірдің өзінде 100 мың көлік тіркеліп, иелері қазақстандық номер алып үлгерген. Айта кетейік, алғашқы тіркеу құны – 200 000 теңге. Мұндай жеңілдік Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген шетелдік көліктерге қолданылады. Науқан осы жылы 1 шілде де аяқталады.