Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1,5 млн теңгеден беріледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші мамырдағы ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда Ұлы Отан соғысына қатысқан 222 ардагер қалған. Олармен бірге Жеңісті жақындатқан 60 мыңнан астам отандасымыз да әлеуметтік көмек алады. Жалпы бұл мақсатқа ел қазынасынан 4,6 млрд теңге бағытталып отыр. Айта кетейік, Ұлы отан соғысына Қазақстаннан 1 млн 200 мың адам барып, соның жартысына жуығы қан майданда қаза тапты.