Кәмелетке толмағандар самокат жүргізбейді
Жүргізуші куәлігі, басқа шлем кию және жасы 18-де болу. Электр самокатты басқараушылар осы талапқа сай болуы тиіс. Мәжілісте самокат жүргізушілеріне қойылатын талаптар туралы заң қабылданды. Құжат депутатардың бастамасымен жасалған. Айтуларынша, бұл көлік құралдарының жүрісін реттеуді азаматтар өтінген. Тек соңғы бір жылдың ішінде тап осы электр самокаттардың қатысуымен елімізде 40-тан астам жол көлік апаты орын алған. Тіпті бір адам қаза тауыпты. Жарақат алғандар қаншама. Бәріне олардың ешбір ережеге бағынбастан үлкен жылдамдықпен жүретіндігі себеп. Жобаға сәйкес электр самокаттар енді кәдімгі көлік құралы ретінде саналады. Қозғалыс кезінде жаяу жүргіншіге жол беруге міндетті.
Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Жолда сағатына 25, ал тротуарларда 6 километрден аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі. Электр самокатта жүктер мен екінші адамды алып жүруге тыйым салынады. Жүргізуші 18 жасқа толуы және шлем киюі керек. Сондай-ақ үстінде жарық шағылыстыратын киімі мен кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы қажет.