Хабар телеарнасы

Маңғыстау облысындағы жағалаудан балық өлекселері табылды

Маңғыстау облысындағы Баутино жағалауынан 14 өлі итбалық табылды. Мамандар құрлыққа толқын шығарып тастаған бірнеше бекірені де анықтаған. Қылмыстық іс қозғалып, бірлескен жұмыс тобы жағажайды зерттеуге кірісті. Теңіз суы мен ауадан сынама алынған. Ал теңіз жануарларының өлекселері бұзылып кеткендіктен, сараптама жасау мүмкін болмай отыр. Балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері жағалауды бақылауды күшейтті. 

Жақсығали Іздібаев, Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы облыстық басқармасының басшысы:
-Баутино селосының теңіз жағалауында өлі итбалықтардың жатқаны жөнінде жергілікті атқарушы органдарға, ғылыми институт мамандарына шұғыл түрде хабарлама берілді. Ұшалардың ыдырауы жоғары дәрежеде болғандықтан гистологиялық сынама алуға мүмкіндік болмады.