Хабар телеарнасы

Қарағанды облысында 17 түрлі құрт өндіреді

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында тұратын Сламбек Қинаят тибеттік технологияны қолдана отырып, құрттың 17 түрін жасайды. Бал, жеміс-жидек қосқандықтан, дәмі бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан болар, ұлттық тағамға сұраныс артқан. Шаруашылығына бір тәулікте 500 литр сүт жеткізіп, одан 50-60 келі құрт әзірленеді. Үш қызы қолқанаты, ал келіншегі тапсырыс қабылдап, дайын өнімді өткізумен айналысады. «Ең пайдалысы ежігей құрт», — дейді Сламбек Қинаят. Ол қайнатылған қатық пен сары ірімшіктің қоспасынан дайындалады. Ақуызға өте бай. Құрамында емдік қасиеті мол өсімдіктер де бар.

Сламбек Қинаят, кәсіпкер:
-Қарасаңыздар мынау шөп. Құрт емес, мынау шөп. Осы шөпті мен пайдаланамын қазір. Бұл мың да бір ем. Мал азығына пайдаланамын, құрт қайнатар кезде осыны аздап қосып істейміз.