Пәкістанда шерулер мен тәртіпсіздіктер басталды
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ханның жақтастары мен полицейлер қақтығысып, кемінде 1 адам қаза тапты. 10-нан астамы жарақат алды. Шеруге шыққандар жолдарды бөгеп, көліктерге өрт қойып, әскери нысандарға шабуыл жасаған. Демонстранттарды тарату үшін тәртіп сақшылары көзді жасаурататын газ қолданды.
Имран Ханға қатысты ондаған қылмыстық іс қозғалған. Арасында жемқорлық пен терроризм де бар. Алайда экс-премьер өзіне тағылған кінәларды мойындаған жоқ.