Хабар телеарнасы

Қарағандыда есірткіге тәуелділер қатары өскен

Қарағандыға тағы бір наркодиспансер керек. Себебі синтетикалық есірткіге тәуелділер қатары соңғы бір жылда 5 есеге көбейген. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қоғамдық індеттің алдын алу үшін халықты жаппай скринингтен өткізуді ұсынып отыр. Өкінішке қарай қазір есірткі тарататындарға тыйым болмай тұр. Мәселен, тек биыл Республика аумағында 18 зертхана анықталып, 20 миллион доза тәркілеген. Ведомства басшысы қазір қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 5 жылдық тұжырымдама әзірленіп жатқанын айтты. Онда қылмыстың салдарымен емес, себебімен күресудің әдіс-тәсілдері жан-жақты қамтылмақ.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
-Сол бұрыңғы талап, бұрыңғы әдістермен өзіміз жоспарлап отырған нәтижелерге қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан біздің Президентіміздің талабымен өлшемдер өзгереді. Бүгінгі ең бірінші өлшем — халықтың сенімі. Осы концепцияда соны қарастырып отырмыз.